Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжiлiс өтті.
Шымкентте аппараттық мәжіліс өтіп, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселесі қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жиында қаралған бірінші мәселе бойынша жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Е.Сүлейменов, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Текебаева мен отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Ж.Қалтаев құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қаладажүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың дендеп бара жатқанын айтқан қала басшысытиісті мемлекеттік органдардың кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактика бағытындағы жұмыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын аңғартатынын атап өтті.
Осы ретте әкім жергілікті полиция қызметіне аудан әкімдіктерімен және тиісті басқармалармен бірге кәмелет жасына толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық рейдтік іс-шараларды жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, білім басқармасына мектептердегі психолог мамандардың жалпы білім деңгейлері мен біліктілігіне талдау жүргізуді, ал отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына кәмелет жасына толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды күшейтуді міндеттеді.