ШЫМКЕНТ: Ақназар хан көшесі уақытша жабылады

0
668

23-24 қазан күндері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.


ШЫМКЕНТ: Ақназар хан көшесі уақытша жабылады

Шымкент қаласындағы орталық магистралды жолдың бірі саналатын Ақназар хан көшесі орташа жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жөндеу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын «Базис-К» мердігер мекемесі атқарып жатыр.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 23-24 қазан күндері Ақназар хан көшесінің екі кезең бойынша жөндеу жұмысына байланысты жабылатынын мәлімдеді.
Бірінші кезең – 23 қазан күні Елшібек батыр мен Жанқожа батыр көшелері аралығы және екінші кезеңде – 24 қазан күні Аймауытов және Елшібек батыр көшелері аралығында көлік қозғалысы шектеледі.
Көшесінің жалпы ұзындығы, екі жолақты 2,28 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4 см, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5 см болады.