ШЫМКЕНТ: Ақжайық шағын ауданындағы 20-дан астам көшеге асфальт төселеді

0
863

2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жұмыстар аяқталды.


ШЫМКЕНТ: Ақжайық шағын ауданындағы 20-дан астам көшеге асфальт төселеді

Шымкент қаласы Ақжайық шағын ауданындағы ішкі орам көшелерге асфальт төселуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021-2025 жылдарға бектілген бас жоспарға сәйкес, Шымкенттегі ішкі орам көшелерге көңіл аударыла бастады. Шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, жұмыстар жүйелі атқарылуда.

Мысалы, Ақжайық шағын ауданының Көкиірім көшесінде 20-ға жуық үй орналасқан. Ішкі орам көшенің ұзындығы 500 метр, ені 5 метрді құрайды. Қазіргі уақытта асфальтбетон қабатының бірінші қабаты толықтай төселіп бітті.

«Тұрғылықты жеріміз қаланың орталығы болмаған соң, талайдан бері көшеміз тас жол еді. Енді міне, көшемізге асфальт төселіп, шағын ауданымыз көркеюде. Бұл үшін қуаныштымыз!», - дейді тұрғындар.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қаратау ауданына қарасты Ақжайық шағын ауданы бойынша тағы 22 көшеге асфальт төселетінін жеткізді.

Айта кетейік, 2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жұмыстар аяқталды, қалған 72 нысанды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін толық көлемде аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде магистральды 10 көше бар. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанға немесе 308 көшеге жүргізілуде. Ағымдағы жылы ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылы 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысын және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жолағына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер дер кезінде шешілсе, шығыс және оңтүстік айналма жолының құрылысын аяқтау жоспарда бар.

Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында жолайрықтың құрылыс жұмыстарына тоқталған спикер, 2022-2023 жылдар аралығында үш деңгейлі жолайрық құрылысы қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асады деді. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артатынын болады.