ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби аудандық ХҚО жаңа ғимаратқа көшті

0
494

ХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындаған.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби аудандық ХҚО жаңа ғимаратқа көшті
Шымкент қаласының №2 Әл-Фараби аудандық ХҚО жаңа ғимаратқа көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Енді Шымкент қаласының тұрғындары мемлекеттік қызмет түрлерін Қаратау ауданы, Қайтпас мөлтек ауданы 2253 «Б» мекенжайынан ала алады.
"Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Балмейір Сансызбайұлының айтуынша, ХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындаған.
«Біз тұрақты түрде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті бойынша талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Енді бұл проблема шешіледі деп ойлаймын және ХҚО-ның көшірілуі мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа ХҚО-да 26 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 18 жұмыс орны бар. 450 м2 аймақта орналасқан ХҚО-да, сондай-ақ 50 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді», - деді Б. Сансызбайұлы.
Айта кетейік, Шымкентте барлығы 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 3 мамандандырылған ХҚО бар.