ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

0
1 237

Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстары қолға алынды.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы қала орталығында орналасуына байланысты, демалыс аймақтары мен мәдени нысандардың көбісі аудан аумағында орналасқан.

Нақтырақ айтсақ,13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар. Қәзіргі таңда, аудан аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі, «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстары» жобасы.

Бұл туралы аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады. Сондай ақ, «Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстары» жүргізілуде. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады. Бұл өз кезегінде, Шымкент қаласының өзіндік келбетін сипаттайтын және қала тұрғындарының демалуына ыңғайлы орта болатын аумаққа айналатын болады.", - дейді Ғ.Мәуленқұлов.