ШЫМКЕНТ: Арғымақ шағын ауданында жол белгілері орнатылды

0
906

«Арғымақ» шағын ауданына кіру-шығу жол белгілерін және жол сызықтары «Южный Конкурент» ЖШС тарапынан жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: Арғымақ шағын ауданында жол белгілері орнатылды

Шымкент қаласы Арғымақ шағын ауданында жол белгілері орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездескен «Арғымақ» шағын ауданының тұрғындары ауылға кіре берістегі туындаған мәселелерді шешуді сұраған болатын.

Аталған мәселе бойынша Мұрат Әйтенов Абай ауданының әкімі мен тиісті сала басшысына Шымкент-Ташкент бағытынан «Арғымақ» шағын ауданына кіріп-шығу, жол белгілерін орнату және жолақтарын қайта сызу мәселелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін деп тапсырма берді.

Нәтижесінде Шымкент-Ташкент бағытынан «Арғымақ» шағын ауданына кіру-шығу жол белгілерін және жол сызықтары «Южный Конкурент» ЖШС тарапынан жүргізілді.

Айта кетейік, осы жұмыстардың нәтижесінде жолдағы қауіп сейілді.