19-27 тамыз аралығында Арғынбеков көшесінен бастап атауы жоқ ішкі орамдық жолмен Назарбеков көшесіне дейінгі көше жабылады.
Шымкенттегі Арғынбеков пен Назарбеков көшелерінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан «Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін канализациялық коллектор салу» нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Сол себепті, 19-27 тамыз аралығында Арғынбеков көшесінен бастап атауы жоқ ішкі орамдық жолмен Назарбеков көшесіне дейінгі көше жабылады.
Ал, 27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Назарбеков көшесімен Бәйдібек би даңғылына дейінгі жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылатын болады.