ШЫМКЕНТ: Армениядан әкелінген 213 автокөлік тіркелді

0
777

Көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.


ШЫМКЕНТ: Армениядан әкелінген 213 автокөлік тіркелді

Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы аумағында Армениядан әкелінген 213 автокөлік тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары жалғасуда.
Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.
695 теңге (0,25 АЕК) - тіркеу үшін алым;
3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;
7 778 теңге (2,8 АЕК)- мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Азаматтар көлік құралдарын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған бөлімдеріне барып, 15-20 минут ішінде тіркеуге болады.
Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы аумағында Армениядан әкелінген 213 автокөлік тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, тіркеу жұмыстары 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.