ШЫМКЕНТ: Бәйдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың бір бөлігі ашылды

0
604

Бәйдібек би даңғылымен Арғынбеков көшесіне оң жақ бұрылу жолы ашылды.


ШЫМКЕНТ: Бәйдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың бір бөлігі ашылды

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың бір бөлігі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмыс кестесіне сәйкес, Арғынбеков көшесі арқылы Бәйдібек би даңғылына (солтүстік бағытта) оң жақ бұрылыс жолы ашылды.
Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылымен Арғынбеков көшесіне (батыс бағытта) оң жақ бұрылу жолы ашылды.
Айта кетейік, енді Бәйдібек би даңғылы екі бағытта толығымен жабылады.Аталған көшеге балама жол ретінде Жүсіпов көшесі қарастырылған.
Жалпы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысын аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарланған.