​Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды

0
361

Күдікті зергерлік бұйымдарды ломбардқа сатып үлгерген.


​Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды
ERNUR.KZ. Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды.


Зергерлік бұйым сатушыларына жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Ол сатып алушы ретінде келіп, бағалы бұйымдарды білдірмей ұрлап ізін суытқан.

Тауардың жетіспеушілігін байқаған үш кәсіпкер полицияға арызданды.

Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, ұрының жеке басын анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Алматы тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары оны тұрғылықты жерінен ұстады. Күдікті зергерлік бұйымдарды ломбардқа сатып үлгергені белгілі болды.

Қазіргі таңда әйел қамауда. Құқыққорғаушылар оның басқа да ұқсас жайттарға қатысы бар болуы мүмкін екенін атап өтті.