Бұған дейін Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабының Алай көшесі орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.
Шымкенттің Еңбекші ауданындағы елдімекенде тағы 11 көшеге асфальт төселіп, қолдануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сметалық құжаттамаға сәйкес, асфальт төселген көше ұзындығы 0,7 шақырымды құрады. Аталған көшеге асфальтбетон бірінші қабаты төселген еді.
Ақпарат үшін айта кетсек, асфальт төсеу – бұл жол жабындысын жасау процесі. Көп адамдар асфальт төсеу – бұл қарапайым төсеу түрі деп санайды, алайда мұның барлығы оңай орындалмайды. Асфальт төсеу жұмыстарын бастардың алдында топырақты нығайту және тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, тиісінше орындау қажет. Бұл асфальт төсеу процесінің маңызды бөлігі, себебі топырақты тұрақтандырудан кейін жолдар сапалы болады және ұзақ қызмет етеді.
Биыл қаламызда 24 орталықтағы магистраль көшеге, 270-тен астам шағын аудандар мен тұрғын алап көшелеріне асфальт төселеді.