ШЫМКЕНТ: Бүлдіршіндер балабақшадан шығып жоғалып кеткен (видео)

0
1 334

1 сәуір күні сағат 17.30 шамасында Шымкенттегі жекеменшік балалар балабақшсынан шығып кеткен екі бала жоғалып кеткен. Абырой болғанда полицейлер екеуін де тауып, ата-анасына тапсырды і белгілі болған.


ШЫМКЕНТ: Бүлдіршіндер балабақшадан шығып жоғалып кеткен (видео)

Шымкент қаласындағы кеше кешкісін жекеменшік балабақшалардың бірінен екі бірдей бүлдіршін шығып кетіп жоғалып кеткен - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1 сәуір күні сағат 17.30 шамасында балалар балабақшадан шығып кеткені белгілі болған. Ата-анасына да шамамен сол кезде хабар берілген.


"Жұмыста отырған кезде сағат кешкі бес жарымда балабақшадан хабарласып "балаңыз үйге келді ме?"-деп сұрады. Жанұшыра іздеп полицияға хабар бердік. Полицейлерге рақмет. Шұғыл іздестіріп бес жарымда жоғалған баламызды кешкі сегіз жарымда тауып берді. Үш сағаттың ішінде жүректен жүрек қалмады"-дейді жоғалып табылған бүлдіршіннің бірінің анасы Қарлығаш. Сенімді, қауіпсіз деп тапсырған жекеменшік балабақша қызметкерлерінің салғырттығына ренішін де жасырмайтындықтарын айтады ата-аналар. "Балабақшаға баламды ап кетуге келсем балам жоқ. Аманның ағасымен кеткен деп отыр тәрбиеші. Бөтен адаммен неге жібересіз?-деп сұрақтың астына алдым",-дейді екінші бүлдіршіннің анасы Салима.


" 2019 жылғы 1 сәуір күні сағат 17-30 шамасында бала-бақшадан екі бала шығып кетіп, үйіне оралмаған. Ата-анасы өздері іздеп таппаған соң, Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарлаған. Екі баланы табу үшін барлық жеке құрам жұмылдырылып, екі сағаттың ішінде балаларды іздеп тауып, ата-анасына табыстады",- деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Бүлдіршіндердің аналарының айтуынша рұқсатсыз шығып кетіп жоғалып табылған қос бүлдіршін де мектепалды даярлық тобында. Перзенттерінен көз жазып қала жаздаған қос ана әзірге балабақшаға қатысты ешқандай нақты мәлімдеме жасаған жоқ.

"Жұмыста қамсыз жүреміз деп частный балабақшаға ақ бергенбіз. Енді қандай бақшаға сенеміз? Білмей қалдық қой. Қарау керек қой балаға. Жауапкершілік болуы керек. Қайта полицияға рақмет. Екі сағаттың ішінде барлығы бірлесіп жұмыс істеп, тауып берді. Алғысымыз шексіз"-дейді жоғалып табылған Аманның анасы Қарлығаш.