ШЫМКЕНТ: Достық шағынауданында 23,3 шақырым жолға шағал тас төселді

0
718

Қала әкімі атқарылған жұмыстармен танысып, сапасын тексерді.


ШЫМКЕНТ: Достық шағынауданында 23,3 шақырым жолға шағал тас төселді

Шымкент қаласының «Достық» шағынауданында 2021 жылы шағал тас төсеу және орташа жөндеу жұмыстары атқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, 1,3 шақырым Таңғышық-2 және Дидар көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қала әкімі атқарылған жұмыстармен танысып, сапасын тексерді.
Шағынауданда 23,3 шақырым 26 көшеге екі кезеңмен шағал тас төселді. 1-ші кезең бойынша наурыз-қыркүйек айларында 15,15 шақырым 14 көшеге, 2 кезең бойынша қыркүйек-қазан айларында 8,15 шақырым 12 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары орындалды.
Қазіргі таңда Достық елді мекені тұрғындарына №2,45,52,150 қоғамдық көліктері қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, Қаратау ауданы аумағында биыл 29 спорт алаңшасы салынды. 2 спорт алаңшасы демеушілер есебінен орнатылды. Ал Достық шағынауданында 2 спорт алаңша құрылысы аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді.