ШЫМКЕНТ: Электронды форматта 2588 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген

0
1 314

Қылмыстық процесті электронды жүйеге ауыстыру қағазбастылықтан құтылуға және қылмыстық іс материалдарын жоғалтып алмауға мүмкіндік береді.


ШЫМКЕНТ: Электронды форматта 2588 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы ПД мен оның құрылымдық басқармалары «Е-Қылмыстық іс» модулін іске асыру мақсатында толық жабдықтармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы ПД мен оның құрылымдық басқармалары «Е-Қылмыстық іс» модулін іске асыру мақсатында 400 компьютерлер мен олардың толық жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Осы бастаманың нәтижесінде, қалалық құқық қорғау органдары қазіргі таңда 2588 қылмыстық құқық бұзушылықты электронды форматта тіркеп, 249 істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдаған.

Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіругебағытталған шаралар жалғасып жатыр.

Айта кетейік, қылмыстық процесті электронды жүйеге ауыстыру қағазбастылықтан құтылуға, қылмыстық іске қажетті анықтамаларды кеңседен шықпай, электронды құжат түрінде қол жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қылмыстық іс материалдарын жоғалтып алу немесе оны бұрмалауға жол берілмейді.