ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында екі көшеге асфальт төселді

0
679

Жөндеуден өткен Жайдарлы және Ақжарқын көшелерінің жалпы ұзындығы 4,28 шақырымды құрайды.


ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында екі көшеге асфальт төселді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы Шаңырақ шағын ауданының екі көшесі орташа жөндеуден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жөндеуден өткен Жайдарлы және Ақжарқын көшелерінің жалпы ұзындығы 4,28 шақырымды құрайды. Шағын ауданның көшелерінде пайда болған ойық-шұңқыр кемшіліктер ретке келтіріліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы қалада жалпы ұзындығы 189,7 шақырым жол пайдалануға берілді. Биыл 182 жобаның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 20 жобада қайта құру, 3 күрделі жөндеу және 159 көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселіп, 178 жаңа аялдама орнатылады. Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша 2021 жылы ауқымды жоба жүзеге асты. Өткен жылдың қорытындысымен Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы айналма жол салынып, пайдалануға берілді. 2022 жылдың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы атқарылуда. Одан өзге, биыл аудандағы ішкі орамдық 3 көшеге асфальт төселеді. Олар: Ақжайық шағын ауданы, Ақжирен көшесі, Самал-2 шағын ауданы, Жабай ата көшесі және Жандосов өткелі. 2023 жылы Айқап-Түркістан шағын ауданы Беткей көшесі, Ақжайық шағын ауданы, Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 шағын ауданы, Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді. 2024 жылы Ақжайық шағын ауданы, Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 шағын ауданы, Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді. Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді.