ШЫМКЕНТ: ЕРКІНБЕК ШЫМЫРҚҰЛОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

0
65

Қазақ театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген Еркінбек Шымырқұлов ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуды азаматтық парыз әрі жауапкершілік деп санайды.


ШЫМКЕНТ: ЕРКІНБЕК ШЫМЫРҚҰЛОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі театр актері Еркінбек Шымырқұлов №321 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Қазақ театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген Еркінбек Шымырқұлов ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуды азаматтық парыз әрі жауапкершілік деп санайды.

Көп жылдық шығармашылық жолында көрерменге сан алуан бейнелерді сомдап, ұлттық өнердің өркендеуіне қызмет етіп келе жатқан актер ел болашағына бейжай қарамай, азаматтарды сайлау үдерісіне белсенді қатысуға шақырды.

«Елдің ертеңі – әр азаматтың таңдауынан басталады. Сондықтан әрқайсымыз өз азаматтық ұстанымымызды білдіріп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауымыз керек», – дейді Еркінбек Шымырқұлов.