ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің қабылдауына 150-ге жуық азамат келді

0
992

Бірыңғай қоғамдық қабылдау күндері жүйелі түрде жалғасатын болады.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің қабылдауына 150-ге жуық азамат келді

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов, жеке мәселелері бойынша 150 ден астам қала тұрғынын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері мен барлық басқарма басшылары қатысты.

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Шымкентте қала әкімінің шешімімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша «Бірыңғай қабылдау күндері» басталған болатын.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй кезегі, аялдама мәселесі, қоғамдық көлік мәселесі, жерін заңдастыру, жолды асфальттау, жарықтандыру тақырыптарын қозғады. Қала әкімі әрбірін мұқият тыңдап, шешім барысын түсіндірді. Ашық диалог форматында айтылған әрбір өтініш пен шағым бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Азаматтар арасында өтініш білдірушілермен қатар, шешімін тапқан мәселе бойынша алғысын айта келгендер де болды.
Бірыңғай қоғамдық қабылдау күндері жүйелі түрде жалғасатын болады.