ШЫМКЕНТ: қала халқын сапалы инфрақұрылыммен қамту жоспарға сай жүргізілуде

0
492

Қала халқын кәрізбен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы 10 нысанның құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінді.


 ШЫМКЕНТ: қала халқын сапалы инфрақұрылыммен қамту жоспарға сай жүргізілуде

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында былтыр қалада 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, 72 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізді. Биыл елді мекендердегі тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші 99,5%-ға жетті.


Қала халқын кәрізбен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы 10 нысанның құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Бұл бағыттағы жұмыстар 2025 жылы қорытындыланады.

Электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылы 8 нысанның, оның ішінде 6 елді мекенде ішкі жүйелердің және 1 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылды. Қамту көрсеткіші 99%-дан 100%-ға өсті.

Былтыр Нұртас, Ақтас-1, Ақтас-2, Ақжар, Арғымақ, Нұршуақ, Тұран (3-кезек) шағын аудандарында, Сәуле елді мекеніндегі 276 орамда табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамту көрсеткіші 94%-дан 96%-ға артты. Жоспарға сәйкес, 2025 жылы көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.