​Шымкент қаласында биыл 610 жұмыссыз азамат кәсіптік оқытуға жолданды

0
88

450 адам білім беру ұйымдарында, ал 160 адам жұмыс орындарында оқуға жіберілді.


​Шымкент қаласында биыл 610 жұмыссыз азамат кәсіптік оқытуға жолданды

Биыл Шымкент қаласында Еңбек мобильділігі орталығы арқылы 610 жұмыссыз азамат кәсіптік оқытуға жолданды.

Оның ішінде 450 адам білім беру ұйымдарында, ал 160 адам жұмыс орындарында оқуға жіберілді.

Атап айтқанда, жұмыс берушілер «Алем-БТ» ЖШС және «Balabi Textile» ЖШС кәсіпорындарында 70 азаматты «Тоқу машинасының операторы» мамандығы бойынша кәсіптік оқытуға жолдау жоспарланған.
Осы жылдың қазан айында 47 азамат оқу курсын толық аяқтап, тиісті сертификаттарын алды. Ал 19 адам түрлі себептерге байланысты оқудан шығарылды. Қазіргі уақытта оқуын аяқтаған 47 азаматты жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қалған 4 азамат кәсіптік оқуын жалғастыруда.
Аталған іс-шаралао жұмыссыз азаматтардың кәсіби біліктілігін арттыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне және тұрақты жұмыспен қамтылуына бағытталған.
Бөлісу