Шымкент қаласының аумағында қатты жаңбыр жауады

0
2 242

Оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-шығысқа қарай екпіні 15-20, кейде 25 м/с болады.


Шымкент қаласының аумағында қатты жаңбыр жауады

Қазгидрометтің мәліметінше, 8 наурыз күні Шымкент қаласының аумағында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, таңертең және түстен кейін 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-шығысқа қарай екпіні 15-20, кейде 25 м/с болады.

Осы тұста Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

- Жел күшейген кезде ғимараттардың шығуын шектеу керек. Егер қатты жел кезінде сіз көшеде болсаңыз, жерасты өткелдерінде немесе ғимараттардың кіреберістерінде паналауды ұсынамыз;

- Үйлердің қабырғаларының жанында қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шифер мен басқа шатыр материалдары шатырлардан құлап кетуі мүмкін;

- Ешбір жағдайда қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, құрылысы бітпеген ғимараттардың, ағаштардың астында жасырынуға болмайды;

- Қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

- Дауылды жел кезеңінде, ең алдымен, тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жағдайын тексеру керек;

- Пәтердегі электр желісінің кернеуі жоғарылаған кезде, барлық тұрмыстық техниканы дереу розеткадан ажыратыңыз, сіз болмаған кезде кенеттен электр қуаты қосулы кезде өрт болмауы үшін штепсельдерді розеткадан шығарыңыз;

- Қауіп төнген кезде және құтқару іс-шараларын жүргізу қажеттілігі туралы маңызды ақпаратты хабарлау үшін құтқару қызметіне 101 немесе 112 телефоны бойынша дереу хабарлау қажет.