ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлер бизнесті онлайн тіркей алады

0
402

Электронды хабарлама «Электронды үкімет» веб-порталында толтырылады және беріледі.


ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлер бизнесті онлайн тіркей алады

Шымкент қаласында кәсіпкерлер бизнесті онлайн тіркей алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет "Электронды үкіметтің" веб-порталында толық автоматтандырылған. Осылайща бұл қызмет адами фактордың қатысуынсыз, электронды хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалы өкілдері мәлімдеді.
Жаңа жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашу үшін кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу жарнасын төлеудің немесе салық басқармасына барудың қажеті жоқ. Тек компьютер мен электронды цифрлық қолтаңба болса, жеткілікті. Тіркеуге egov.kz сайтындағы нұсқауларды орындау арқылы 30 минуттан аз уақыт кетеді.
Осылайша шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электронды хабарлама «Электронды үкімет» веб-порталында толтырылады және беріледі.
Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды. Тиісті өрістерді толтырғаннан кейін жүйе барлық деректің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер дұрыс болса, ақпараттар жүйеде өңделеді және ЖШС тіркеу туралы анықтама 30 минуттан кейін беріледі.