Шымкент қаласында жұбайымен жанжалдасып қалған әйел сірке суын ішіп қойған. Салдарынан ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, бір жетіден астам уақыт ес-түссіз жатқан.
Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден
Күйеуімен ұрыс керісті көтере алмаған шымкенттікәйел сірке суын ішіп, өзін өзі өлтірмек болған - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Орта жастағы әйел адам жұбайымен жанжалдасып қалып, жүйкесі сыр берген. нәтежиесінде уксус ішіп уланған әйелді жедел жәрдем қызметі қаладағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізген. Ауыр халде жеткізілген науқас орталықтың жансақтау бөлімінде сегіз күн бойында ес-түссіз жатқан. Бір аптадан аса уақыт жіті қадағалауда болып, жағдайы бірқалыпты болған әйелді дәрігерлер жалпы бөлімге ауыстырыпты.
"Орталыққа жеткізілген кезде науқастың жағдайы ауыр еді. Сегіз күн жансақтау бөлімінде ем алды. Қазір науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Әйелдің ішкі ағзасын күйік шалған. Күйіктің деңгейі де ауыр. Бұдан кейін де тыңғылықты, ұзақ ем қажет",-дейді дәрігерлер.