ШЫМКЕНТ: ​Мәдениет басқармасы есеп берді

0
236

Басқарма басшысы қаладағы рухани-мәдени өмірдің жаңалықтарымен бөлісті.


ШЫМКЕНТ: ​Мәдениет басқармасы есеп берді

ERNUR.KZ. Бүгін Түркістан сарайында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев 10 айдағы мәдениет саласын дамыту қорытындылары туралы есебімен таныстырды.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Алқа отырысында ағымдағы жылдың қорытындысы және алдағы уақытта қойған міндеттері талқыланды.
Басқарма басшысы қаладағы рухани-мәдени өмірдің жаңалықтарымен бөлісті.
Жыл басынан бері басқарманың мемлекеттік және кәсіби мерекелік күндер мен атаулы даталар бойынша өткізілген іс-шаралар барысын кеңінен баяндады.Сонымен бірге мәдениет нысандарын қалпына келтіру жұмыстары бойынша баяндап өтті.
– Мәдениет объектілерін қалпына келтіру бойынша 2024 жылға 15 мәдениет объектілерін жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда, «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві», «Шымкент қалалық өзбек драма театры» және «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары мен жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолдануға берілді,-деді Бауыржан Орынтаев.
Жиын барысында мәдениет басқармасының жұмыстарын саралай келе оған қатысты сындар айтылды. Осыған орай, жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сындардан қорытынды шығару үшін бірнеше тапсырмалар берді.