ШЫМКЕНТ: «Менің гүлді аулам» конкурсында 31 аула жүлделі орынға ие болды

0
789

Жеңімпаздарды марапаттау шарасы 2023 жылдың 21 сәуірінде «Орталық саябақ» аумағында концерттік бағдарлама мен түрлі ойын сауық форматында өтеді.


ШЫМКЕНТ: «Менің гүлді аулам» конкурсында 31 аула жүлделі орынға ие болды

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ұйымдастырған «Менің гүлді аулам» конкурсында 31 аула жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Мұратбекұлы брифиниг барысында мәлімдеді

Конкурстың басты мақсаты - Шымкент қаласының оң имиджін қалыптастыру процесіне тұрғындарды тарту арқылы қаланың туристік тартымдылығын жақсарту және қала аулаларының жағдайын жақсарту.
Осы мақсатта қаламыздың Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Абай аудандары көпқабатты үй басқарушыларымен жеке кездесулер өткізілді. Кездесу барысында, іс-шараның талаптары мен шарттары туралы толық ақпарат таратылды. Аталған іс-шара 2022 жылдың қазаны мен 2023 жылдың сәуір айлары аралығында өтетін болып бекітілген.

«Менің гүлді аулам» конкурсын бағалау үшін 2023 жылдың сәуір айының 3-5 күндері 7 адамнан құралған бағалаушы қазылар алқасы әр қатысушы аулаға барып тексеру жүргізді. Әрбір аула басқарушысы мен аула тұрғыны конкурс барысында атқарылған жұмыстары, ауланың көрікті болуына тартылған тұрғындар мен қолданған тыңайтқыштар жөніндегі ақпараттармен бөлісті.

12 сәуір күні қазылар алқасының жеңімпазды анықтау мақсатында бағалау отырысы өтті. Отырыс нәтижесінде 91 қатысушының ішінен 31 аула жүлделі орын алды. Іс-шараның ережесіне сай қазалар алқасы жүлде қорына өзгеріс енгізіп, жүлдегерлер санын арттырды.
Нәтижесінде 9 аула-қатысушы – 1 миллион теңге, 6 аула-қатысушы – 500 мың теңге, 9 аула-қатысушы – 250 мың теңге, 8 аула-қатысушы – 150 мың теңге, 1 аула-қатысушыға – 100 мың теңгемен марапаттау шешім қабылданды.
Жеңімпаздарды марапаттау шарасы 2023 жылдың 21 сәуірінде «Орталық саябақ» аумағында концерттік бағдарлама мен түрлі ойын сауық форматында өтеді.
Айта кетейік, 2022 жылдың қазан айында басталған «Менің гүлді аулам» іс-шарасына тұрғындарды көптеп тарту мақсатында басқарма тарапынан арнайы жарнамалық ролик түсіріліп, өңірлік телеарналарында, танымал әлеуметтік желілерде пост салынды.

Қаламыздың лед-экрандарында жарнамалар орналастырылып, басылым беттерінде арнайы мақалалар жарық көрді. Сонымен қатар, жарнамалық флаерлар әзірленіп, қаламыздың көпқабатты үйлері мен аулалары арасында және ірі гипермаркеттер мен сауда орталықтарында 2000-нан астам данасы таратылды.