ШЫМКЕНТ: Оқушылар өнер додасында сынға түсті

0
399

Байқауға «PARASAТ» өнер мектебі қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары сурет пен домбыра тартудан сайысқа түсті.


ШЫМКЕНТ: Оқушылар өнер додасында сынға түсті

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «PARASAТ» өнер мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен «Өнер өрге жүргізеді» өнер байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарын ынталандыру үшін жағдай жасау және өнерге деген ынталарын қалыптастыру.
Байқауға «PARASAТ» өнер мектебі қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары сурет пен домбыра тартудан сайысқа түсті. Жалпы 40 -қа жуық бала бақ сынаған өнер додасын қала тұрғындары мен жастары куә болды.
Жарыс қорытындысы бойынша, сыннан сүрінбей өткендер жүлделі орындарды иеленіп, қаржылай қолдауға ие болды.