Шымкентте жыл басынан бері онлайн тәртіпте 4 мыңнан астам автокөлік тіркеліп, 7 761 жүргізуші куәлігі берілді.
Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚКО-да 2019 жылы 326 641 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 47 391 адамға жүргізуші куәлігі берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, жүргізуші куәлігін алу барысында адам факторы толығымен алынып тасталды, яғни тиісті балл жинасаңыз, жүйе сізге автодромдағы практикалық емтиханнан өтуге мүмкіндік береді. Емтиханнан сәтті өткен соң, ақпарат жүргізуші куәлігін дайындауға жіберіледі.
Шымкентте барлығы 11 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 3 мамандандырылған ХҚКО және көші-қон қызметін көрсету орталығы бар.
Қазіргі уақытта, "Достық" шағын ауданының және К. Төлеметов көшесіндегі мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады. Сондай-ақ мамандандырылған ХҚО ғимаратында жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өтуге болады.Күн сайын мұнда 200 жүргізуші куәлігі беріліп, 1000-нан астам көлік құралы есепке алынады.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.
Жыл басынан бері онлайн тәртіпте 4 мыңнан астам автокөлік тіркеліп, 7 761 жүргізуші куәлігі берілді.