Марапатталғандар сапында «Рахат-Шымкент» фабрикасы да бар.
Шымкент қаласы бойынша «Парыз» конкурсына қатысушы мекемелерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың арнайы алғыс хаттары табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Ең үздік жыл жобасы» номинациялары аясында өткізілген болатын.
Марапатталғандар сапында «Рахат-Шымкент» фабрикасы да бар.
- Күнделікті дастарханымыздан табылатын тәттілер «Рахат-Шымкент» фабрикасында өндіріледі. Тәттілер Қазақстаннан өзге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Ауғанстанға жіберіледі, - деді, мекеме директоры Жұлдыз Рахипбекова.