Шымкентте полицейлер 25 мамыр күні автокөлік жүргізушілеріне 64 хаттама толтырған.
25 мамыр күні Шымкенттік жол сақшылары қаладағы мектептерде өткен "Соңғы қоңырау" шарасынан кейін шаһар көшелеріне қымбат көліктермен шеруге шығып, жол ережесін бұзғандарға хаттамалар толтырған - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Нақтырақ айтқанда, көліктерінің терезелерін күнгірттеген үшін 34, қауіпсіздігі белдігін тақпағандарға 11, автокөлікті басқарып отырып ұялы телефонмен сөйлескендерге 7, авариялық жағдай туғызғандарға 4 хаттама толтырылған. Бұдан өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша да көлік иелеріне өзге баптармен хаттамалар толытырылып, айыппұл салынған.
Дереккөз: Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі