ШЫМКЕНТ: Ералы Жумаханбетов полиция құрамындағы көпбалалы аналарды құттықтады

0
2 493

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында полиция бастығы аналарды құттықтады.


ШЫМКЕНТ: Ералы Жумаханбетов полиция құрамындағы көпбалалы аналарды құттықтады

Шымкентте полиция қызметінде еңбек етіп жүрген көп балалы аналарға ерекше құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында көп балалы аналарды жеке қабылдауына арнайы шақырып, бейресми кездесу өткізді.

Қаланың бас полицейі кездесуге келген аналарға алғыс білдіріп, бала тәрбиелеу секілді қиын да жауапты істі мүлтіксіз орындап келе жатқандары жайында, сондай-ақ қиын да қауіптілігі басым қызметте жүріп, балаларына тәрбие беріп, оқытудың оңай шаруа еместігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, көп балалы аналарға сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етіліп, асыл жанды аналарды мерекелерімен шын жүректен құттықтады.

«Сіздер тек балаларыңыздың алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында абыройларыңызды асырдыңыздар. Қазақстанның демографиясына үлес қосып жатқандарыңыз үшін рахмет», - деді департамент бастығы Ералы Жумағанбетов