​ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

0
106

Жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.


​ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасы«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «25 қазан Республика күніне»орай «Республика күні – елдігіміздің бастауы»тақырыбында өтетін мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елге деген құрметті арттыру.
Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұманның құттықтау сөзімен жалғасты. Сонымен қатар жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Кеш барысында Қуаныш Әбжапбардың орындауында «Қазақстаным» әні шырқалып, Қарлығаш Тилен «Аққу биін» биледі. Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің әскери оркестрі попурри орындап, Шымкент қаласы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жауынгерлік тәсілдер бойынша арнайы көрсетілім ұсынды.
Мерекелік кеш Нұрасыл Мақылбектің орындауындағы «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Бөлісу