ШЫМКЕНТ: «Самал» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді

0
959

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: «Самал» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді

Шымкент қаласындағы «Самал» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты - Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының киімдер мен халық тұтынатын тауарларды сататын сауда орталықтарындағы өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау, аталған нысандарда өртті сөндіру бойынша басшы құрамның дағдыларын жетілдіру, Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесімен нысан қызметкерлерінің, сондай-ақ қаланың өмір қауіпсіздігін қалыптастыру қызметтерімен бірлесіп әрекет ету, жұмыс атқару қызметін ұйымдастыру.

«Жаттығудың тактикалық тұрғысынанбазараумағында киім сататын бутиктерінің біріндеэлектр сымдарының тұйықталуынан өрт орын алады. Өрт көрші бутиктерге таралады. Нысанның күзетшілеріжедел түрде «101» қызметіне хабарлайды. №2 шақыру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу орнына шығу кестесіне сәйкес бағытталған күштер мен құралдар жөнелтілді. Алғашқы келген бөлімшелер эвакуациялау жолдарын қорғауға және адамдарды қауіпсіз аймаққа шығаруға кіріседі, ал қалған бөлімшелер өрт ошағын іздеп,тауып сөндіру жұмыстарын жүргізеді. Өрттің таралуына жол берілмеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталмыш оқу-жаттығуға Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен8 негізгі және 2 арнайыбірлік өрт сөндіру техникасы, офицерлік және жеке құрамы, Шымкент қаласы ТЖД-ның, апаттар медицинасы орталығының, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, жол-патрульдік полицияқызметінің экипажы, оқиға орнына қосымша «103» қызметкерлері, энергосет, су шаруашылығыныңқызметкерлеріжұмылдырылды.

Айта кетейік, қала аумағында соңғы 5 жыл ішінде базарларда орын алған өрттердің негізгі себептері – электр құралдарының техникалық пайдалану және монтаждау тәртібінің бұзылуы. «Самал» базарында соңғы ірі өрт 2013 жылы қазан айында орын алған еді.