ШЫМКЕНТ: Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастырған компанияға айыппұл салынды

0
646

Жеке меншік компанияға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.


ШЫМКЕНТ: Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастырған компанияға айыппұл салынды

Шымкент әуежайында жеке меншік компанияға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу кезінде қала әуежайының аумағында әртүрлі жұмыс атқарып жүрген Өзбекстан Республикасының 6 азаматын анықтаған.

Құжаттарын тексеру кезінде шетелдіктердің өз жұмыстарын заңсыз жүзеге асырғаны анықталды, – деді М.Айтуғанов.

Оның айтуынша, көлік полицейлері жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырып, 1200 АЕК – 4 млн теңге әкімшілік айыппұл салған.

Сондай-ақ, 6 шетелдік жұмысшы ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен құқықбұзушының әрқайсысына екі тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, – деп толықтырды сөзін полиция қызметкері.