ШЫМКЕНТ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне басшы болып Асхат Жұмағали тағайындалды

0
3 182

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.


ШЫМКЕНТ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне басшы болып Асхат Жұмағали тағайындалды

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеменің басшысы тұрғындарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығына Жұмағали Асхат Жұмағалиұлын тағайындады.

А.Жұмағалидің құқық қорғау жүйесінде тәжірибесі мол, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында жұмыс істеген. Өзінің еңбек жолын прокуратураның қатардағы маманынан бастаған және орындаушылық лауазымнан бастап өңірлік Департамент басшысына дейін барлық лауазым сатыларынан өткен.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Асхат Жұмағали қоғаммен тығыз байланыс орнату үшін facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашып: «Департаменттің алдағы қызметін ашықтық, қол жетімділік және айқындылық қағидаттарында құруды жоспарлаудамыз. Бүгінде әлеуметтік желінің мемлекет пен қоғамның өзара байланысының тиімді құралы ретінде өсіп келе жатқан рөлін көріп отырмыз. Осыған байланысты мен өзімнің Facebook-те парақшамды аштым және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатамын деп үміттенемін», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағалиұлы барлық тұрғындарды тиімді өзара байланыс жасауға шақыра отырып:

«Жұмысымызда қоғам санасын өзгертуге құштар азаматтардың көмегі әрқашанда қажет. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында біз кез-келген жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік ахуалын құра аламыз. Парасаттылық, әділдік және адалдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болуы керек», - деді өз сөзінде.