Іс-шара барысында құқықбұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтсақ, 2019 жылдың 10-17 қазан аралығында Шымкент қаласында өтіп жатқан іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 158 тәртіп бұзушылықты анықтаған.
Оның ішінде «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу», «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару», «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» және «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша және өзге де құқықбұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.