​Шымкент– Ташкент бағытының кіреберісін көріктендіру бойынша жоба жұмыстары зерделенді

0
970

Аталған жоба қала аумағындағы ең маңызды кіреберіс болып саналады.


​Шымкент– Ташкент бағытының кіреберісін көріктендіру бойынша жоба жұмыстары зерделенді

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов және қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов үшінші мегаполистің Шымкент – Ташкент бағытындағы кіреберісін көріктендіру бойынша жоба жұмыстарымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жоба қала аумағындағы ең маңызды кіреберіс болып саналады. Жоба аясында Шымкент-Ташкент бағытындағы жағалауға тұрғындар мен қала қонақтарына арналған демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар салынбақ.

Жалпы, қала көркi кiреберiстен танылады. Қалаға келген қонақтар қаланың кіреберіс босағасының тазалығына, әрі сәулетіне қарап баға беретіні сөзсіз.