Салтанатты ашылу барысында елдімекен тұрғындары өз алғыстарын білдірді.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Тассай» тұрғын алабында мерекеге орай, жаңа ойын алаңшасы толық пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кезекті балалар ойын алаңшасының салтанатты ашылуына аудан әкімі орынбасары Қ.Қалдықараев және қалалық мәслихат депутаты Жадыра Нағашыбайқызы қатысып, тұрғындарды алаңшаның ашылуымен құттықтады.
Салтанатты ашылу барысында елдімекен тұрғындары өз алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, жаңа балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстаы мердігер мекеме «Туран ГГ» тарапынан жүзеге асырылды.