ШЫМКЕНТ: ​Telegram-Bot арқылы 47 мыңнан астам қызмет алынған

0
2 243

Жуырда ғана мемлекеттік қызметтер ұсынатын телеграмдағы EgovKzBot-қа 1 жыл толды.


ШЫМКЕНТ: ​Telegram-Bot арқылы 47 мыңнан астам қызмет алынған

Бір жыл ішінде EgovKzBot арқылы 17 мыңнан астам шымкенттік пайдаланып, одан 47 мыңға жуық қызмет алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын тelegram-боттың көмегімен тек төрт танымал қызмет түрін, атап айтқанда мекенжай, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысы, сотталмағаны және жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы сияқты анықтамаларды алуға болатын еді.

Бүгінде боттағы қызметтер мен сервистер саны 25-ке жетті отыр. Оны қолданушылар жақын жердегі ХҚО-да кезек брондап, өзін борышкерлер тізімінен тексеріп, наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлер есебінде тұрмауы жөніндегі анықтамаларды алып, дәрігер қабылдауына онлайн жазыла алады. Бот арқылы анықтамаларды бір минуттың ішінде алып, керекті электрондық поштаға жолдауға болады.

"Миллион тұрғыны бар шаһар халқы үшін анықтамаларды ХҚО-ға бармай-ақ алу өте қолайлы. EgovKzBot Telegram-ботының тұрақты пайдаланушысы болу үшін азаматтар тек бір рет мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет", - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі Алтынай Татаева.

EgovKzBot Telegram қызметін қолдану үшін, egov.kz электронды үкімет порталының жеке кабинетінде немесе кез келген ХҚО-да тіркелуге болады.