ШЫМКЕНТ: Темірлан тас жолының жол сызықтары жаңарды

0
691

Бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін түнгі уақытта атқарылды.


ШЫМКЕНТ: Темірлан тас жолының жол сызықтары жаңарды

Шымкент қаласы Темірлан тас жолының бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер өткелі қайта сызылып, жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін түнгі уақытта атқарылды.

Сондай-ақ, қаладағы маңызды көшелердің бірі саналатын - Тәуке хан даңғылы бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргінші өткел жолдар таңбалары жаңартылды.

Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында ұзындығы үш шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді. Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелері ғана емес, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабының Кендала, Жастар, Тельман көшелері орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Тұрғын алаптағы жалпы көше ұзындығы 3,80 шақырымды құрайды. Жобалық сметалық құжатына сәйкес, барлық көшелерге қалыңдығы 10 см асфальт төселді.

Айта кетейік, бүгінде 115 көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.