ШЫМКЕНТ: Тоғыс тұрғын алабының екі көшесіне жүргізілген жөндеу жұмыстары толық аяқталды

0
588

Алдағы уақытта жол бекітілген стандарттарға сәйкес, “Ұлттық сапа” орталығы тарапынан жол сапасына сараптама жүргізіледі.


ШЫМКЕНТ: Тоғыс тұрғын алабының екі көшесіне жүргізілген жөндеу жұмыстары толық аяқталды

Шымкент қаласы Тоғыс тұрғын алабының екі көшесіне жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Тоғыс тұрғын алабындағы Оспанов және Игілік көшелеріне сәуір-мамыр айларында басталған орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Екі көшеге орташа жөндеу жұмыстарына арналып әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 4,40 шақырым жолға «Адал Арна» ЖШС асфальт қабатын төсеу жұмыстарын атқарды. Алдағы уақытта жол бекітілген стандарттарға сәйкес, “Ұлттық сапа” орталығы тарапынан жол сапасына сараптама жүргізіледі. Сол сараптамадан өткен жұмыстар ғана қабылданатын болады.
Тұрғын алаптағы тас жолдарды асфальттау жұмыстары Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес кезең-кезең бойынша атқарылатын болады.

Шымкент қаласында ұзындығы үш шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді. Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелері ғана емес, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабының Кендала, Жастар, Тельман көшелері орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Тұрғын алаптағы жалпы көше ұзындығы 3,80 шақырымды құрайды. Жобалық сметалық құжатына сәйкес, барлық көшелерге қалыңдығы 10 см асфальт төселді. Айта кетейік, бүгінде 115 көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым.