Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тапты.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкенттегі үйлену тойынан екі автомат қаруын тәркіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел қызметкерлер үйлену тойларының бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алды. Оқиға орнына көрермендер және жай жүрген адамдар ретінде жедел қызметкерлер тобы жіберілген
"Түнгі сағат 00.00-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді. Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тапты", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.