ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында ойын алаңшасы пайдалануға берілді

0
1 133

Тұран ауданында биыл 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек.


ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қалалық Тұран ауданына қарасты Мангельдин көшесінің №40 тұрғын үй ауласында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала күніне орай, ұйымдастырылған іс-шара аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Алаңшаның құрылысы маусым айының басында басталып, 15 күннің ішінде аяқталды.
Тұран ауданында биыл 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек.

2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданында 10 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Тұран ауданында барлығы 296 балалар ойын алаңшасы бар. Ал, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 10 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған.

Атап айтар болсақ,

1. Бәйдібек би даңғылы №246;
2. Отырар шағын ауданы №52;
3. Құрсай шағын ауданы;
4. Құрсай шағын ауданы;
5. Ақжар шағын ауданы;
6. Ақтас шағын ауданы;
7. Арғымақ шағын ауданы;
8. Қазығұрт шағын ауданы;
9. №112 орам;
10. Жарқынбеков көшесі №17
Қазіргі уақытта Тұран ауданында 92 ашық спорт алаңшасы бар. Сонымен қатар, аудан аумағында жаңадан 4 ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
1. Отырар шағын ауданы №15/1;
2. Отырар шағын ауданы №41;
3. Отырар шағын ауданы №55;
4. Орманов көшесі №40/42.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданында 26 көпқабатты үйдің ауласы мен балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.