ШЫМКЕНТ: ​ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІНЕН 458 АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

0
898

«Жас отау» тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар, жалпы алаңы 14 364 шаршы метрді құрайды.


ШЫМКЕНТ: ​ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІНЕН 458 АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

ERNUR.KZ. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нарықтан сатып алуға қарастырылған тұрғын үй кешендерінің сапасын тексерді. Бұл үйлер жұмыс істейтін жастар мен халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға үлестіріледі.

Аралау барысында қала басшысы құрылысы аяқталған «Жас отау», «Bauhouse», «Integra» және «Қарлығаш» тұрғын үй кешендерімен танысып, сапасына қатысты бірқатар кемшілікті айтты. Жауаптыларға аталған олқылықтарды қысқа мерзім ішінде жою бойынша тапсырмалар жүктеді.
«Жас отау» тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар, жалпы алаңы 14 364 шаршы метрді құрайды. «Bauhouse» тұрғын үй кешенінде 350 пәтер, жалпы аумағы – 21,7 мың шаршы метр. «Integra» тұрғын үй кешенінде 140 пәтер салынған, жалпы көлемі – 8 353 шаршы метр. Ал «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінде 100 пәтер, жалпы ауданы 6 000 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй кешенінің барлығына инфрақұрылым жүйесі толық тартылған.
Аталған тұрғын үй кешендерінен 458 пәтер нарықтан сатып алынады. Бүгінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Рәсімдеу жұмыстары аяқталған соң, мемлекеттік бағдарлама аясында арендалық баспаналар ел игілігіне беріледі.
Жалпы, биыл қалада нарықтан 1 405 пәтер сатып алу көзделген. Оның ішінде 900 пәтер жастарға, ал 505 пәтер халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға арналған. Бүгінге дейін 917 пәтер нарықтан сатып алынды, қалғанын жыл соңына дейін сатып алу жоспарланып отыр.