ШЫМКЕНТ: Тұрғын үйге eGov.kz порталы арқылы тіркелуге болады

0
756

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз ​қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Тұрғын үйге eGov.kz порталы арқылы тіркелуге болады

Шымкент қаласында тұрғын үйге Egov.kz порталы арқылы тіркелуге болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сондай-ақ, тұрғындарға жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары туралы айтты. Бұл қызметті онлайн форматта 20 минутта рәсімдеуге болады, тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.

"Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғынүй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады", - деді Шымкент қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Бұл қызметті екі жолмен алуға болады. Біріншісі Egov.kz порталы арқылы. Ол үшін ЭЦҚ болу қажет, немесе SMS құпия сөз арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелу керек). Егер азамат жаңа мекенжайға тіркелгісі келсе, Egov.kz порталы арқылы өтініш береді. Меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен өтініш берушінің өтінішін растайды. Өтінімді өңдеу және мақұлдау бірнеше минутты алады. Екінші нұсқа - ол үшін меншік иесімен өтініш беруші ХҚО-ға жүгіну қажет, және онлайн кезекті алдын-ала брондау керек.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғынүйиесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 31 мың шымкенттік тіркеуге тұрған.