Тексеру жұмыстары барысында 118 түп көкнәр мен 7 түп қарасора тәркіленді.
Шымкент тұрғыны өз үйінің ауласында көкнәр мен қарасора өсірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері "Карасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру жайтын анықтаған.
"Тәртіп сақшылары Абай ауданының тұрғыны өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргенін анықтады. Тексеру жұмыстары барысында 118 түп көкнәр мен 7 түп қарасора тәркіленді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - делінген баспасөз хабарламасында.
Заңнамаға сәйкес ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Құқық қорғау органдары есірткі заттарын заңсыз қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бары туралы ескертеді.