ШЫМКЕНТ: Жасөспірімдерді қорқытып телефондарын тартып алған жігіт сотталды

0
1 281

Шымкентте кәмілет жасқа толмаған балаларға пышақ көрсетіп, қорқытып қымбат телефондарын тартып алып жүрген қылмыскер сотталды.


ШЫМКЕНТ: Жасөспірімдерді қорқытып телефондарын тартып алған жігіт сотталды

Шымкент қаласында кәмелетке толмағандарды қорқытып, телефондарын тартып алған жігіт сотталды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сотталушы 1999 жылы туған Қызылорда облысында туған. Бұрын сотты болған. 2018 жылдың қазан айында таңғы 8-ге таяу көп қабатты үйлердің маңындағы гараждардың қасында сотталушы сыбайласымен бірге кәмелетке толмаған баладан сөйлесіп алу үшін телефонын сұраған. Сөйлесіп болып қайтармай телефонды қалтасына салып: "телефон енді біздікі, келіспесең ұрып-соғып, өлтіріп кетеміз " деп қорқытқан. Мектепке сабаққа алаңсыз кетіп бара жатқан бала қорыққанынан телефонын берген. Қылмыскерлер телефонды ала сала оқиға орнынан бой тасалаған. Онымен қоймай, Шымкенттегі ірі сауда орталығының біріне барып тағы бір жасы кәмелетке толмаған баланы "Малыш" деп шақырып ап, шетке шығарып алған. Қылмыскер бұл баладан да телефонын сөйлесіп алу үшін сұрап алған. Құны 130 мың теңге тұратын айфон 5 S телефонын алып ап өзінің бұрын сотты болғандығын айтып қорқыта бастайды. Балаға пышақ кезеніп "өлтіріп кетемін" деп сес көрсетеді. Қымбат телефонды иемденіп алған сотталушы сауда орталығынан ізін жоғалтады. Мұнымен де тоқтамай сыбайлас досымен сөз байласып тағы да қылмыстық әрекеттерін жалғастырады. Шымкент қаласы Б. Момышұлы көшесіндегі дәмхананың жанында тағы бір жасы кәмелетке толмаған баланы ұстап ап, оның да ұялы телефонын қорқытып мәжбүрлеп тартып алған. Шымқалада осылайша тайраңдаған қылмыскерді көп ұзамай полицейлер құрықтады. Оған ҚР ҚК нің 192 бабының 2-ші бөлігінің 1,2 тармақтарымен, яғни

1)адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бiрнеше рет қарақшылық" бойынша айып тағылған. Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен кінәлі деп танылып, алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.