Жастарға қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, этносаралық татулықты нығайту, жалпыұлттық бірлік қағидаттарын дәріптеу және діни сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат, Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Нұржан Абдукаримов және «Жастар орталығы» КММ қызметкері Руслан Мизамбек қатысты.
Іс-шара барысында жастарға қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, этносаралық татулықты нығайту, жалпыұлттық бірлік қағидаттарын дәріптеу және діни сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жастардың бойында өзара құрмет, толеранттылық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты.


