ШЫМКЕНТ: жастарды қолдау жобалары жүзеге асырылуда

0
162

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында жастардың ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, медиа және волонтерлік бағыттардағы бастамаларын қолдауға арналған грант конкурсына өтінімдер қабылдануда.


ШЫМКЕНТ: жастарды қолдау жобалары жүзеге асырылуда

Шымкент қаласында жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және қоғам өміріне араласуына жағдай жасау бағытында бірқатар жоба іске асырылуда.

Ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында мәдени орындарға экскурсия, спорттық турнир, шығармашылық кеш пен көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Бақытты балалық шақ» психологиялық тимбилдингіне 250 бала қатысып, әлеуметтік бейімделу мен психологиялық саулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысты.
Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін «Бақыт мекені» жобасы аясында жастармен кездесулер, жас отбасылар арасында спорттық жарыстар мен интеллектуалды сайыстар өткізілді.
Кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Кітап TIME» жобасы бойынша 9 кітап талқылауы мен 2 челлендж ұйымдастырылды. Қазан айында «Кітап кеші» фестивалін өткізу жоспарланған.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында жастардың ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, медиа және волонтерлік бағыттардағы бастамаларын қолдауға арналған грант конкурсына өтінімдер қабылдануда.
Талапкерлерге кәсіби бағдар беру мақсатында білім беру жәрмеңкелері өткізіліп, оған 9 жоғары оқу орны мен 35 колледж қатысты. Қатысушыларға мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағытында NEET санатындағы жастармен де жұмыс жүргізілуде. 2026 жылғы қыркүйекте олардың саны 5 805 адамды құрады. Жастар ресурстық орталығы мамандары жастармен байланыс орнатып, қажеттіліктерін зерделеуде. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды.
Қалада жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге арналған комьюнити орталығы да жұмыс істейді. Екі ай ішінде орталықта 3 мыңнан астам жас өз бастамаларын жүзеге асырып, түрлі ұйымдардың жұмысына қатысты.
Республика күніне орай жастардың қатысуымен Ту көтеру рәсімі мен республикалық дебат турнирін өткізу жоспарланған. Бұл іс-шаралар жастардың отансүйгіштігін арттыруға және азаматтық белсенділігін нығайтуға бағытталған.
Бөлісу