ШЫМКЕНТ: Жаяу жүргіншілер өтетін тоннель көктемде пайдалануға беріледі

0
552

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған құрылыс жұмыстарының барысын бақылап көрді.


ШЫМКЕНТ: Жаяу жүргіншілер өтетін тоннель көктемде пайдалануға беріледі

Шымкент қаласындағы Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы жобасы бойынша жаяу жүргіншілер өтетін тоннель құрылысы атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған құрылыс жұмыстарының барысын бақылап көрді.
Жаяу жүргіншілер өтетін тоннель құрылысын толығымен аяқтау ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарланған.
Қонаев даңғылын тоннель арқылы және Рысқұлов көшесі бойынша толықтай көліктердің қозғалысы ұйымдастырылған. Жалпы жолайрықтың көлік өткізгіштігі тәулігіне 142 мың автокөлікті құрайды.