ШЫМКЕНТ: Жоғары санатты қоймалар құрылысының жобасы таныстырылды

0
398

Жоба құны – 1 100 млн теңге.


ШЫМКЕНТ: Жоғары санатты қоймалар құрылысының жобасы таныстырылды

Шымкентте қала әкімінің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында жаңа жобалар ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кезекті жиында «ЮжСтройСервис» ЖШС жоғары санатты қоймалар құрылысы жобасын таныстырды. А санатында қоймалар өндірісінің қуаттылығы – 10 мың шаршы метрге дейін.
Жоба құны – 1 100 млн теңге. Жер телімінің аумағы – 2,5 га. Инвесторлар жобаны 2022 жылы жүзеге асыруды жоспарлауда. Жоба бойынша 60 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.
Штаб отырысында инвесторлар өндіріс үшін жер телімі қажет екенін мәлімдеді. Кәсіпкерлерге сауда-логистикалық орталық аумағынан жер телімі ұсынылды.
Шаһарда сауда-логистикалық, өндірістің түрлі бағыттары жан-жақты дамып келеді. Бұл ретте өндіріс үшін қажетті дайын қоймалар салудың маңызы зор.