ШЫМКЕНТ: Жолайрық құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

0
434

Жолайрық құрылысын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: Жолайрық құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы аталған нысанға бақылау жүргізіп қайтты.

Қазіргі таңда аталған нысанда су (1,92 шақырым), газ құбырларының (1,82 шақырым), электр (1,2 шақырым) және байланыс сымдарының (0,6 шақырым) орнын ауыстыру, тіреу қабырғаларын құю (600 м), уақытша электр бағаналарын орнату (7 дана), жер ( 95 000 м3) және т.б., жұмыстары орындалды.
Маусым айында жер асты өткелінің жер жұмыстары, қада құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілуде.
Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысына ашу биыл қыркүйек айының 1-не дейін, ал Рықұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін 1 қарашаға дейін ашу жоспарлануда.
Жалпы жолайрық құрылысын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.